Алматы-Өскемен тас жолында жаяу жүргінші қаза тапты

4 Шілде 2023, 12:06 1080

Жол апаты 4 шілдеде Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Lexus ES 300 автокөлігінің қатысуымен болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, көлікті 34 жастағы ер адам басқарған, ол Алматы-Өскемен тас жолының 177 шақырымында жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды.

Қаза тапқан адам Көксу ауданының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның елсіз далада түнгі трассада жүру себебін қазір полицейлер анықтап жатыр.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындала отырып, тергеу амалдары басталды. Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: