Алматы қаласында №56 орта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламадан кейін ғимараттан оқушылар мен қызметкерлер шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін түскі сағат 12:00 шамасында жедел басқару орталығына білім ордасына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.
«Қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметтері алғашқы ден қою шаралары аясында білім мекемесінде тексеру жүргізді. Оқушылар мен ұстаздар эвакуацияланды», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Белгілі болғанындай, мектеп ғимаратын тексеру кезінде жарылыс құрылғылары табылған жоқ. Білім мекемесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
«Қазір полиция мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар таратқан адамды анықтап жатыр. Ол қылмыстық жауапқа тартылады»,- деді Салтанат Әзірбек.
нда білім мекемесінде тексеру жүргізді. Оқушылар мен ұстаздар эвакуацияланды», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.