Алматы облысының әкімдігі Шерзат Болаттың отбасына көмектеседі

12 Қазан, 11:06 1987

Алматы облысының әкімдігі Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасына көмектесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының әкімдігі баспанасын өрт шалған Шерзат Болаттың отбасына тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектесетін болды. Сонымен қатар, оларға жөндеу жұмыстары аяқталғанша уақытша баспана беріледі, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бүгін түнде Шерзат Болаттың үйі өртеніп кеткен болатын. Бас прокурордың бұл істі өз бақылауына алғаны белгілі болды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: