Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

17 Тамыз 2022, 20:02 1298

Ол 1969 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Андреевка ауылында дүниеге келген

ҚР Қаржы министрлігі Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Құлмұханбет Исаков тағайындалды, деп хабарлайдыEl.kz

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов Алматы облысының әкіміне және облыстағы мемлекеттік органдар басшыларына, Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына Құлмұханбет Исаковты таныстырды.

Исаков Құлмұханбет Мырзахметұлы 1969 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Андреевка ауылында дүниеге келген. Салық органдарындағы еңбек жолын 1992 жылы бастаған.

Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

Алматы облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2017 жылдан 2019 жылдың мамыр айына дейін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2019 жылғы мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болды.

Бөлісу: