Алматы облысындағы мектепте 4 сынып оқушысы көз жұмды

30 Сәуір, 11:37 3957

Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 4 сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, 23 сәуірде Қарасай ауданындағы Қошмамбетов атындағы мектепте 10 жастағы қыз бала көз жұмды.

Ата-анасы мектеп басшылығы мен жедел жәрдем қызметкерлерін әрекетсіздігі үшін және немқұрайлығы үшін кінәлап отыр. Жап-жақын жерге 40 минут бойы жете алмай әрең келді, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, сабақ үстінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медицина мамандары жедел көмек көрсеткенмен, қыздың өмірін арашалай алмады.

Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: