Алматы облысындағы атыс: бір адам көз жұмды

7 Қыркүйек 2023, 19:00 838

Алматы облысында атыс ұйымдастырғандар ұсталды. Бұл туралы ПД басшысы Бауыржан Әленов Instagram-дағы ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

7 қыркүйекте Іле ауданының орталық аудандық ауруханаға тегіс ұңғылы қарудан жарақат алған 4 жергілікті тұрғын түсті. Тағы бір адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды.

Аталған деректер ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) және ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелді. Оқиғаға қатысушыларды полиция қызметкерлері анықтап, ұстады. Жағдайлар анықталуда, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Перизат Саденова
Бөлісу: