9 наурыз күні сағат 9:20-да Алматы облысындағы Қарасай ауданында Қайнар және Бекболат кенттері арасында жол көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, көлік ағашқа соғылған.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдалана отырып, жолаушының денесін авариялық автомобильдің салонынан алып шықты.
Сағат 10:23-те оқиға орнында құтқару жұмыстары аяқталды, — делінген мәліметте.
ТЖМ құтқарушылары қауіпсіз жылдамдық режимін сақтау қажеттігін еске салады.