Алматы облысында жолаушылар мінген автобус пен жүк көлігі соқтығысты

31 Мамыр, 15:48 739

«Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 222 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Автобус жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, Mercedes Benz жүк көлігімен соқтығысуға жол берген. 

Алматы облысының Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан алдыңғы орында отырған екінші жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Он бір жолаушы түрлі жарақат алды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық емделуге жіберілді.

Автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: