21.06.2024
09:05
921
Алматы облысында жол апатынан жүргізуші көлікте қысылып қалған

Алматы облысында жол апатынан жүргізуші көлікте қысылып қалған

Құтқарушылар жол апаты кезінде көлік кабинасында қысылып қалған адамға көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы Қарасай ауданында жол-көлік оқиғасы салдарынан 1991 жылы туған жүргізуші автокөліктің кабинасында қысылып қалған.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу келіп, жүргізушіні гидравликалық құралдардың көмегімен автокөліктің салонынан алып шықты.

Жүргізушіні жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне берілді.