Алматы облысында жоғалған шопан табылды

24 Ақпан, 10:40 885

Алматыда облысында бір күн бұрын мал жаюға шығып кетіп, қайта оралмаған шопан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 24 ақпан түнде Алматы обласы Жамбыл ауданы Үлгелі ауылдық округі маңында ТЖД, полиция бөлімінің, ЖАО және халықтың күшімен 1950 жылы туған шопан іздестірілді, ол 23 ақпан мал жаюға шығып, адасып кеткен.

24 ақпан таңертең жоғалған шопан Айдарлы ауылынан 25 шақырым жерде ТЖД іздеу тобымен табылды.

Жансая Әділбек
Бөлісу: