Алматы облысында жоғалған балалар бір тәулік ішінде табылды

26 Қазан 2022, 13:03 6095

Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді

Алматы облысында жоғалған балалар бір тәулік ішінде табылды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

25 қазанда сағат 23:45-те Талғар ауданы ПБ кезекші бөлімінің пультіне жергілікті тұрғыннан кәмелетке толмаған балаларды іздестіруге жәрдем көрсету туралы хабарлама келіп түсті.

Ол сол күні сағат 10:30 шамасында оның 6 жасар ұлы екі кәмелетке толмаған ағасымен бірге үйден шығып, оралмағанын айтты. Кәмелетке толмағандарды іздестіруге өңірдің жеке құрамы дереу бағытталды және полицияның барлық кешенді күштері мен нарядтарына бағдарлар жіберілді.

Алматы облысы Полиция департаменті бастығының жеке бақылауында болған іздеу іс-шараларына еріктілер де қосылды. Нәтижесінде кезекші тәулік ішінде кәмелетке толмағандарды Бесағаш ауылынан 12 шақырым жерде Бесқайнар ауылдық округінің таулы жерінен «Табаған» ТА бағытында жергілікті тұрғын тапты.

Қазіргі уақытта кәмілетке толмаған балалар үйлеріне аман-есен оралды.

Бөлісу: