Алматы облысында жетім қалған екі баланы жақын туысы мұрадан айырды

26 Ақпан, 16:11 887

Балалардың үйі және екі жер учаскесі түріндегі мұрасын алимент бойынша қарызы бар қайтыс болған борышкердің туған әпкесі заңсыз иемденген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азаматша «Г.» бұл заңсыз әрекетті қайтыс болған балалардың әкесінің мүлкіне билік етуге құқық беретін қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімін қолдан жасау жолымен жасаған.

Балалардың құқықтарын қорғау және олардың болашағын қамтамасыз ету мақсатында берілген облыс прокуратурасының талабы негізінде заңсыз әрекеттердің күші жойылып, мүліктер балаларға қайтарылды.

Құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша жинақталған іс құжаттар процестік шешім қабылдану үшін полиция органына жолданды.

Жалпы, алимент өндіріп алу жөніндегі жұмыс шеңберінде балалар алдындағы борыштардың болғанына қарамастан сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуді заңсыз тоқтатудың 50-ден астам фактісі анықталды.

Қабылданған шаралармен 22 сот орындаушысы жауапкершілікке тартылып, алимент төлеуді қайта бастау жолымен 50 баланың құқықтары қорғалды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: