Алматы облысында жеке тұрғын үйде өрт шықты

8 Шілде, 09:00 673

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жеке тұрғын үйлердің бірі өртенді. Оқиға шілденің 7-сінен 8-іне қараған түні болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызыл жалын аумағы - 234 шаршы метр. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда. 
 
ТЖМ төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 нөмеріне хабарласу керектігін ескертеді. 

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: