07.12.2024
05:15
1074
Алматы облысында жас жігіттен есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Алматы облысында жас жігіттен есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Алматы облысында 29 жастағы ер адамнан синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Алатау қаласында “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер жас жігітті ұстады. Күдіктіден тінту кезінде ерекше иісі бар ұнтақ заттың 143 орамы табылды. Зертханалық зерттеулер қорытындысы бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 156,18 грамм “Alfa-PVP” синтетикалық препараты екені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Айта кету керек, 156 грамм тәркіленген заттың жалпы құны 3 миллион 150 мың теңгеге, яғни 314 дозаға тең.