Алматы облысында жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды

6 Тамыз 2023, 21:07 1145

Алматы облысында болған оқиғаның барлық қатысушылары ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

5 тамызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек Би ауылындағы үйлердің бірінің ауласында зорлықпен өлім белгілері бар 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылған еді.

Жасөспірімге мылтықпен оқ атып жарақаттан қаза болғаны анықталды. Ол мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазіргі уақытта 9 күдікті УҰИ-на қамалды, бұл факт ҚР ҚК 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі,14-тармағы бойынша аудандық полицияда тіркелді және сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. 

Түнгі сағат 12-де жастар арасында төбелес болып, қатысушылардың бірі атыс жарақатын алып, қайтыс болғаны анықталды. 

Облыс ПД бастығының айтуынша, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Басқа қатысушыларға қатысты ҚР ҚК 293 - бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, бұзақылық" - деп нақтылады Әленов.

Берік Арманов
Бөлісу: