Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам мерт болды

10 Маусым, 01:33 880

Алматы облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды. Оқиға Алматы-Өскемен тас жолының 55 шақырымында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, Nissan Primera жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдан шығып кеткен. Содан ағашқа соғылған. Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: