Алматы облысында заңсыз сатуға арналған 2 млн қорап темекі жойылды

2 Тамыз 2023, 10:04 1256

Алматы облысында акциздік төлемсіз астыртын сатуға арналған 2 млн аса шетелдік темекі қораптары сақталған қойма анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, тергеп-тексеру барысында темекі өнімдерінің құны 1,3 млрд теңгені, ал төленбеген акциз соммасы 580 млн теңгені құраған.

Оқи отырыңыз:

Қылмыстық іс сотқа жолданып, темекі өнімдері ел аумағында сатуға жарамсыз болғандығына байланысты (техникалық талаптарға сәйкес келмеуі) жойылды, - делінген мәліметте.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: