Алматы облысында үй ауласынан жыландар табылды

Алматы облысында үй ауласынан жыландар табылды

Алматы облысына қарасты Талғар ауданының Еңбекші ауылындағы жеке тұрғын үй ауласында жыландардың байқалған соң ТЖМ құтқарушылары дала жәндіктерін далаға алып кетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оқиға орнына Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағы жіберілді. Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, арнайы құрал-жабдықтың көмегімен екі жыланды ұстады. Ұсталған жыландар адам мекендейтін аумақтан алыс, табиғи ортаға жіберілді.

Бұл ретте ТЖМ жаз мезгілінде бауырымен жорғалаушылардың белсенділігі артатынын ескертіп отыр.

Өз қауіпсіздігіңіз үшін келесі шараларды сақтау аса маңызды: 

• Аулаңызды шөптен, қоқыстан және қалдықтан үнемі тазартып отырыңыз.
• Қоршаулар мен дуалдардың бүтіндігін тексеріңіз.
• Егер жылан көрсеңіз, оны өз бетіңізше ұстауға тырыспаңыз.
• Бірден «112» құтқару қызметіне хабарласыңыз.