20.01.2024
10:01
1131
Алматы облысында үш есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысында үш есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысының полицейлері есірткі өндіру бойынша бірден үш жасырын есірткі зертханасын жойды. Оның екеуі фитолаборатория болып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Тінту шаралары барысында пайдалануға дайын 130 келіден астам есірткі тәркіленді.

Оқи отырыңыз: 

Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін төрт адам ұсталды. Оның екеуі таяу шетел азаматтары. Аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Жалпы жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жойылып, 400-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оларды жасағаны үшін 160 адам ұсталған, оның 10-ы шетелдіктер.