Алматы облысында тұрғындарды пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды

18 Сәуір, 09:08 537

Алматы облысы Қарасай ауданында пышақ ұстаған ер адам жергілікті тұрғындарды қорқытқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

15 сәуір күні Қарасай ауданының полициясына 54 жастағы Кемерторған ауылының тұрғыны беймәлім ер адамның дүкен мен аулада тұрғын көліктің терезесін сындырғанын айтып, шағымданды. Аудандық полицияның учаскелік инспекторлары 1987 жылы туған ер адамды анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша бұзақылық белгілері аясында қылмыстық іс қозғалды, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта оқиғаны тергеудің жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: