Алматы облысында «Туған жер-тұғырың» патриоттар форумы өтті

3 Қыркүйек 2018, 12:10 2707

Алматы облысының Балқаш ауданына қарасты Бақбақты ауылында «Туған жер-тұғырың» атты облыстық форум өтті.

Аталмыш шара Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында ұйымдастырылды.

 

Аталмыш шараға облыстық «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Әбілқайыр Оралов, Жамбыл, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ, Көксу, Қаратал, Ескелді аудандары, Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларының ішкі саясат, кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары, Қазақстанның «100 жаңа есімі» жобасына ұсынылған үміткерлер, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағалары, «Талдықорған әуендері» ансамблі әншілері, «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы» қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында қатысушыларға «Атамекен» бағдарламасы бойынша Балқаш ауданында жүзеге асқан жобалардың көрмесі ұйымдастырылды.

Форум қорытындысы бойынша еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтар мен жеке кәсіпкерлер марапатталды.

«Туған жер» бағ­дар­ламасы – отанды сүю, кіндік қаны там­ған жеріне, өскен ауылына, өңіріне, сондай-ақ, білім беру саласында өлкетану жұ­мыс­­та­рын жүргізуді, эколог­ияны жақ­сартуға және елді мекендерді абат­тандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

 

Бөлісу: