ТЖМ құтқарушылары жоғалған туристерді тауып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысының Талғар ауданында 1994 жылы туған екі ер адам тауға көтеріліп, бірақ адасып, өз беттерінше таудан түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Тәуліктің қараңғы уақытына және ағаштарды құлатқан дауылды желге қарамастан Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристерді Қотырбұлақ шатқалынан тауып, оларды қауіпсіз жерге алып барды.
Туристер медициналық көмекке мұқтаж емес.