Алматы облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

5 Ақпан 2023, 15:55 1473

Бұл туралы ТЖМ мәлім етті

Алматы облысының Жиделі ауылдық округінде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта су басу қаупі жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖД, жергілікті атқарушы органдар және мердігер ұйымның күштерімен үйінді бөгет салу және суару арнасын механикаландырылған тәсілмен тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 45 тоннаға жуық инертті материалдар төселген, су жүру қаупі жоқ.

Осы жұмыстарғаТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымның 25 қызметкері мен 7 техника бірлігі жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 ақпанда көзбен шолып тексеру жүргізу кезінде Балқаш ауданында, Жиделі ауылдық округінің аумағында, Бәйменей ағынының Балқаш көліне құятын жерінде мұз кептелісі орын алғаны анықталды. Каналдың ені 5-6 метр, тереңдігі 4 метр, су ағыны секундына 0,4 текше метр. Соның салдарынан Жиделі ауылдық округі арқылы өтетін Байменей өзенінен бөлінетін суару каналындағы су деңгейі көтеріліп, Жиделі ауылдық округінің су басу қаупі туындады. Аталған ауылдық округте 293 жеке тұрғын үй бар, онда 1330 тұрғын тұрады.  

EL.KZ
Бөлісу: