Алматы облысында сазгер әрі этнограф Александр Затаевичтің 150 жылдығы аталып өтті

8 Сәуір 2019, 10:24 2670

«Қазақтану» жобасы аясында Талдықорғанның Достық үйінде белгілі сазгер әрі этнограф Александр Затаевичтің  150 жылдығына арналған «Асыл қазына - домбыра атты облыстық форум өтті.

Шара барысында Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай сөз сөйлеп,  «Дәстүрлі музыка – Қазақстанның мәдени мұрасының бай қазынасы, ал поляк этносының жарқын өкілдерінің бірі Александр Затаевичтің еңбегі - қазақ халқының ғасырлар бойы өшпес музыкалық ескерткіші және бай тарихымыздың бірегей көрінісі» - деп атап өтті.

Көрермендер назарына сазгер Александр Викторовичтің өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм ұсынылды.

Александр Викторович дала ақындарының өлеңдерін жинап, «Қазақ халқының мың әні» және «Бес жүз ән мен күй» атты екі монументалды жинақ, ұрпақтан-ұрпаққа тек халық даналығын ғана емес, сонымен қатар бай этнографиялық, тарихи мәліметтерді қалдырып кетті.

Мерекелік шарада сондай-ақ, Қ. Байсейтов атындағы музыкалық колледждің хор, музыкант-аспапшылар және «Мерей» ансамблі, Алена Карпованың жетекшілігімен «Өрнек» би ұжымы өз өнерлерін көрермндер назарына ұсынды.

Шара форумға қатысушылар мен поляк этномәдени орталығының белсенділерін марапаттау рәсімімен  аяқталды.

Бөлісу: