Алматы облысында қызды зорлап, үйінің алдына тастап кеткен күдікті ұсталды

18 Желтоқсан, 14:49 1080

Алматы облысында 18 жастағы қызды зорлап, ұрып-соғып, үйінің алдына тастап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша 33 жастағы ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың ауырлығына сәйкес келетін бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі шешілуде,- деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 16 желтоқсан күні танысынан зәбір көрген 18 жастағы қыздың жақындары Дина Таңсәріден көмек сұрап жазған. Жәбірленуші жұмыстан келетін уақыттан кешіккенде жақындары іздеу салып, дабыл қаққан. Қыздың жақындары іздеу салып, полицияға жүгінген.Түнгі 2-лер шамасында қызды үйдің алдынан тапқан.

Қыздың үсті-басы кір, шашының бәрі нәжіс, сабап тастаған. Сіңлісі оны суға шомылдырған. Қыз сол кезде мең-зең күйде еді. Жәбірленушіні зорлаған танысы оған кола ұсынған. Ол бірнеше жұтым ішкен соң есінен танып қалған. Арақтың иісі болмаған, өйткені ол сау еді. Бірақ мең-зең, шок күйде болған. Полициядағылар қызға “Оның көлігіне өзің отырдың емес пе?!” деген екен. Зорлаған адам жалғыз болмады деген болжам бар, – делінген жазбада.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: