29.07.2024
09:53
1019
Алматы облысында қойма өртенді

Алматы облысында қойма өртенді

Алматы облысының құтқарушылары өртенген қойманы сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Қарасай ауданында қойма үй-жайларының бірінде 273 шаршы метр алаңда құрылыс материалдары жанды.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.