23.07.2024
08:32
1183
Алматы облысында Қазпошта қызметкерлері 80 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

Алматы облысында Қазпошта қызметкерлері 80 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

Алматы облысындағы "Қазпошта" АҚ кассирлері 84 млн теңге мемлекеттік бажды ұрлап әкеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қаржылық маниторинг агентігіне сілтеме жасап.
 
Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет көрсететін "Қазпошта" АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында төлқұжат пен жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырған.
Көші-қон қызметіне баж соммасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген, - деп жазды агенттіктің баспасөз қызметі. 
Қаржылық мониторинг агенттігі мен Алматы облысы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.