22.07.2024
12:11
1183
Алматы облысында «Қазпошта» кассирлері 84 млн теңге жымқырған

Алматы облысында «Қазпошта» кассирлері 84 млн теңге жымқырған

ҚМА «Қазпошта» АҚ кассирлеріне қатысты тергеу жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет көрсететін «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырғандығы анықталды.

Олар көші-қон қызметіне баж соммасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген, - делінген мәліметте.

Тергеп-тексеру жалғасуда.