Алматы-Көкпек – Көктал тас жолының бойында жол апаты орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
1 сәуір сағат 08:00 шамасында Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі, Ұйғыр ауданының 43 жастағы тұрғыны Алматы-Көкпек – Көктал автожолының 196 шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1964 жылғы Б. есімді азаматтың басқаруындағы Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы, сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Әртүрлі дене жарақаттары бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан Орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ ауданының СДТБТ-да тіркелді.
Қазір қажетті сараптамалық зерттеулерді тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.