Алматы облысында полицейлер синтетика өндіретін есірткі зертханасын жойды

23 Тамыз, 20:49 448

Алматы облысында полицейлер синтетика өндіретін есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

“Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысының полицейлері Қарасай ауданының аумағында кезекті есірткі зертханасын анықтады.

Үйдің ауласын тінту барысында белгілі бір иісі бар ақ ұнтақты сұйық ыдыстар мен полимерлі қаптар, сондай-ақ синтетикалық есірткі жасауға қажетті реактивтер мен заттар табылды. 

Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 27 жастағы ер адам ұсталды. Жауап алу кезінде ол жоғары ақы төленетін жұмысты Telegram-каналы арқылы тапқаны белгілі болды. Жүргізілген сараптама нәтижесінде алынған заттардың салмағы 10 келіден асатын сұйық түрдегі мефедрон, ұнтақ түрінде шамамен 150 гр, сондай-ақ синтетикалық есірткіні өндіруге арналған 30 литр прекурсорлар мен 80 келі “бром” улы зат екенін көрсетті, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.


Перизат Саденова
Бөлісу: