Алматы облысында полицейлер есірткі зертханасын жойды

2 Қазан, 19:43 431

Алматы облысындағы есірткіге қарсы күрес полицейлері он үшінші есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру іс-шаралар барысында облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Талғар ауданында жалдамалы үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған 35 жастағы облыс тұрғынын ұстады.  

Тексеру барысында 336 грамм мефедрон психотроптық заты, 36 келіден астам прекурсорлар, сонымен бірге 1 канистр тұз қышқылы және химиялық заттарды синтездеуге арналған реагенттер табылып, тәркіленді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, – дейді полицияда.   

Полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттардың таралуына қатысты барлық белгілі фактілерді аумақтық ішкі істер органдарына немесе “102” нөміріне хабарлау қажеттігін еске салады.

Зарина Арман
Бөлісу: