Алматы облысында пияз шіріп, жарамсыз болып қалғаны рас па? АШМ жауап берді

26 Наурыз, 12:23 767

Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз брифингінде ауыл шаруашылығы министрі әлеуметтік желіде Алматы облысындағы шіріп жатқан пиязға қатысты тараған ақпарат бойынша жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде Алматы облысына қарасты Шеңгелді ауылындағы егіс өнімдері туралы видео тарап, онда пияз, соя, жүгерінің қалай тонналап шіріп, қоқысқа кетіп жатқаны көрсетілген болатын.

Бүгін баспасөз мәслихатында журналистер аталмыш мәселе туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтан сұрады.

Министр биылдан бастап жоспарды индикативтерді облыс әкімдіктеріне жеткізе бастады. Бұрын шынында да мұндай болмаған. Пиязға келетін болсақ, алдыңғы жылдары баға қымбаттап кетіп, шаруашылықтар айналыса бастады. Жалпы, оның бағасы төмен түсіп, экспорт та төмендеп кетті. Алдыңғы жылы 180 мың экспортқа жіберетін болсақ, биыл 117 мың болып отыр. Яғни экспортымыз 70 мыңға төмендеп қалды. Ішкі сұраныс та азайды. Сондықтан баға төмендеп кетті. Бірақ бұған қарамастан, жұмыстар жалғасуда. Сауда және интеграция, Көлік министрліктерімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Қазір бұл пияздың 160 мыңын сату керек. Грузия, Әзербайжанмен келісімшарт бар, – деді ауыл шаруашылығы министрі.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: