Қонаев қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы 30 шаршы метр алаңда пәтер мен балкон өртеніп, от екінші қабаттағы балконға ауысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келген өрт сөндірушілер түтін аймағынан автосатының және үш сатылы баспалдақтың көмегімен 10 тұрғынды құтқарды, оның алтауы балалар. Өрт сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.