Алматы облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған ер адам ақталып шықты

30 Тамыз, 18:11 543

Алматы облысында “Өгей қызын зорлады” деп айыпталған азамат ақталды. деп хабарлайды El.kzақпараттық агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Резонанс істі "қылмыстық құрам жоқ" деп прокуратура тоқтатты. Қылмыстық істің анық-қанығына ету үшін 90 парақтан тұратын комплекстік сараптама тағайындалған болатын. Нәтижесінде, күдіктінің жазықсыз екені дәлелденді. Бірақ Алматы облыстық полиция департаменті шешіммен келіспей, ер адам 1 жыл бойы абақтыда отырды. Ақырында әділдік орнап, айыпталушы бостандыққа шықты. 

12 ай бойы қылмыстық істі әуре-сарсаңға салып, дұрыс тергемей жүрген тергеушілердің ісіне Іле ауднының прокуроры Дидар Әскербеков мырза және де Алматы облысының прокуроры Берік Адамов мырза өздері жеке араласып, қылмыстық істі егжей-тегжейлі зерттеп, бірінші сарапшының үстіне қылмыстық істің қозғалғаны және оның қорытындысы жалған боп шыққанына көздері жетіп, қылмыстық істі тоқтатып, адамның Конституциялық құқығының қалпына келуіне көмек көрсетті, - дейді заңгер Ғабит Өмірбеков.

Бұл-бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстан құрудағы оң қадамның жемісі, дейді заңгер. Бұл -прокуратура жұмысының айқындығы мен анықтығы. Заң салтанат құрған елде ғана әділдік орнайды. Демек заң мен тәртіп халық игілігіне жұмыс істеуі тиіс. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: