Алматы облысында мұғалім оқушыны ұрып, жұлқылаған

7 Ақпан, 15:46 1237

Алматы облысында мұғалім оқушыны ұрып, жұлқылаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде үстаздың оқушыны әбден жұлқылап жатқан видеосы тарады. Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, Іле аудандық полициясына Қосөзен ауылының 43 жастағы тұрғыны жүгініп, орта мектептердің бірінің мұғаліміне шара қолдану туралы арыз жазған.

Бір апта бұрын химия пәнінің мұғалімі баламды сабаққа екі минут кешігіп келгені үшін сабақтан қуып жіберді. Бүкіл мектеп мұғалімді қорғайды. Баламның жүйкесі жұқарғаны сонша, денесі бөртіп кетті. Мұғалімдердің қол көтеруге құқығы жоқ деп есептеймін, - дейді оқушының анасы.

Аталған факт аудандық полициясында тіркеліп, ұстазға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Бұл мәселе Оқу-ағарту министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің бақылауына алынды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: