Алматы облысында жеке тұрғын үй аумағында моншадан өрт шығып, төтенше жағдай қызметкерлері дер кезінде сөндіріп үлгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында жақын маңдағы тұрғын үйге өрттің таралуына жол берілмеді. Құтқарушылар 16 ш.м. алаңда шақырту түскен сәттен бастап 16 минут ішінде өртті жойды, - деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер жоғы тіркеліп, өрттің шығу себебі анықталуда.