Алматы облысында миллиардерге заңсыз берілген 3500 гектар жер қайтарылды

16 Маусым 2023, 13:43 908

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы 3500 гектар жер қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура мәліметінше, бұл жер 2017 жылы «Форбс» тізіміндегі белгілі кәсіпкерге шалғайдағы (маусымдық) мал шаруашылығына арналған жерлер құрамынан шығару жолымен заңсыз берілген.

Қазіргі уақытта үшінші тұлғаларға жерді қайта беру фактілерін болдырмау мақсатында аталған жерлерді жергілікті тұрғындар үшін қоғамдық жайылымдарға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде, - делінген мәліметте.

Жыл басынан бері өңірде жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі бизнесмендерге тиесілі 26,8 мың гектар жер, кадастрлық құны 714 млн теңге мемлекет пайдасына қайтарылған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: