Алматы облысында «Мен қазақша сөйлеймін акциясына қатысушылар тілді жетік меңгергендіктерін көрсетті

11 Қараша 2018, 03:36 2039

Алматы облысында «Мен қазақша сөйлеймін акциясына қатысушылар тілді жетік меңгергендіктерін көрсетті.

Талдықорған қаласында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» штабы Достық үйімен бірлесіп «Рухани жаңғыру» орталығында "Мен қазақша сөйлеймін" атты жалпыреспубликалық акциясын өткізді.

Дөңгелек үстел барысында қазақ тілінің мәртебесі, қоғамда қолдану мәселесі, мемлкеттік тілді дамыту жұмыстары талқыланды.

«Рухани жаңғыру» орталығында қатысушылар қазақ тілінде өлеңдер оқып, өз ара сайысқа түсті.

Акция аясында облыс және аудан, қалалардың орталықтарында көпшілік жиналатын демалыс орындарда, қоғамдық көліктерде кітапшалар, нұсқаулықтар, арнайы күнтізбелер таратылатын болады.

Бөлісу: