Алматы облысында газ баллоны отқа оранды

19 Тамыз 2023, 23:21 950

Алматы облысында газ құю станциясында өрт шықты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

19 тамыз күні сағат 17:50-де Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылы, Рысбеков көшесі 1а мекенжайындп орналасқан газ құю станциясында газ баллоны отқа оранды. 

Оқиға орнынан 30 метр қашықтықта орналасқан тұрғын үй аумағына жарылыс пен өрт таралуының жоғары қаупі туындаған. 

Алайда өрт сөндірушілер күшімен өрт сағат 18:28-де оқшауланып, сағат 18:45-те жойылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: