06.08.2025
23:41
1834
Алматы облысында ер адамды пойыз қағып кетті

Алматы облысында ер адамды пойыз қағып кетті

Оқиға 6 тамызда сағат 19.52-де Қарабұлақ – Тентек аралығында станциясы аралығында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ҚТЖ мәліметінше, ер адам темір жолға кенеттен шығып кеткен. Машинист дереу тежеуді қолданғанымен қашықтықтың қысқалығынан қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған. 

ҚТЖ азаматтарды өте мұқият болуға және темір жолдардың жанында болу ережелерін сақтауға шақырады. Рұқсат етілмеген  жерлерде жолдарды кесіп өту қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін екенін еске саламыз,-делінген мәліметте.