03.08.2023
09:38
1650
Алматы облысында ер адам өгей қызын зорламақ болған

Алматы облысында ер адам өгей қызын зорламақ болған

Алматы облысында 42 жастағы ер адам өзінің өгей қызын зорламақ болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, 1 тамызда Қарасай аудандық Полиция басқармасына 1966 жылғы әйел адам өзінің кәмелет жасына толмаған қызын зорламақ болған ер адамға шара қолдану туралы шағыммен келген.

Оқи отырыңыз:

Сол күні іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталған.

Жедел-ізде іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 42 жастағы ер адамды ұстады, - деді Алматы облыстық ПД басшысы полиция полковнигі Бауыржан Аленов.

Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.