22.11.2024
15:07
1055
Алматы облысында ер адам әйелін өртеп жіберді

Алматы облысында ер адам әйелін өртеп жіберді

Алматы облысындағы кенттердің бірінде жергілікті тұрғын бірге тұратын әйелін өртеп жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 20 қараша күні кешке болған. Ерлі-зайыптылар үйде алкоголь ішіп отырып, жанжалдасып қалған. Осыдан кейін ер адам бензин шашып, әйелді өртеп жіберген. Жәбірленуші 2-дәрежелі термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілді.

Полиция денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деп түсіндірді Алматы облысы ПД.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді.