Алматы облысында экскаватор өзенге құлап кетті

19 Тамыз, 09:20 282

Алматы облысында экскаватор жүргізушісі құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Райымбек ауданында қатты жауын-шашынның салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, экскаватор жолдан өзенге аударылып кеткен.

Құтқарушылар ер адамға саты беріп, жоғары көтерілуге көмектесті. 1972 жылы туған жүргізуші медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: