Алматы облысында екі жүк көлігі соқтығысты

2 Тамыз, 10:10 880

Алматы облысында екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушілер зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

1 тамыз күні сағат 17:11-де SHACMAN жүк көлігінің 59 жастағы жүргізушісі Алматы-Талғар тасжолының 12 шақырымында келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған «ЗИЛ» көлігімен соқтығысты, - делінген хабарламада.

Дәрігерлер 1964 және 1978 жылы туған жүргізушілерді түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жатқызды.

Полиция тергеуді бастап, қылмыстық іс қозғады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: