Алматы облысы Өтеген батыр кентіндегі екі мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті. Қазіргі уақытта мектеп аумағы қоршалып, балалар мен мұғалімдер толық эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz Алматы облысы Іле ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің мәліметінше, 22 қыркүйекте Іле аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Өтеген батыр кентіндегі № 7, № 13 мектептеріне жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлама түседі. Оқиға орнына дереу ауданның жедел қызметінің күштері мен құралдары жіберілді.
«Қазіргі уақытта мектеп аумағы қоршалып, балалар мен мұғалімдер толық эвакуацияланды. Іс-шаралар алгоритмге сәйкес жүргізілуде. Қосымша ақпарат іс-шаралар аяқталған соң беріледі. Іле ауданы Өтеген батыр ауылының тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтап, үрейленбеуге шақырамыз», - делінеді әкімдік хабарламасында.