Алматы облысында екі бала құтқарылды

29 Шілде 2023, 06:21 1232

Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Есік өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округінде саяжай маңындағы аралда 2011 және 2012 жылы туған кәмелетке толмаған балалар қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері жіберілген.

Құтқарушылар тобы серуенге шығып, үйлеріне өз бетінше орала алмаған балаларды құтқарды. Балалардың бірін өрт сөндіруші-құтқарушы Руслан Алпысбаев, екіншісін №3 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Бағжан Оразымбетов көтеріп алып шықты. Балаларға медициналық көмек қажет болмады, - делінген облыстық ТЖД таратқан мәліметте.

Алматы облысы ТЖД кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды сұрайды.

Берік Арманов
Бөлісу: