19.09.2025
02:34
596
Алматы облысында дзюдодан ел чемпионаты өтеді

Алматы облысында дзюдодан ел чемпионаты өтеді

19-20 қыркүйек күндері дзюдодан 23 жасқа дейінгі жастар арасында ел чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Аталған біріншілік Алматы облысындағы «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығында ұйымдастырылады. Жарысқа еліміздің 20 өңірінен 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. 

Жарыс бағдарламасы:
19 қыркүйек
Жарыстың басталуы –09:00
Финалдық блок – 17:00
Ерлер: –60 кг, –66 кг,–73 кг
Әйелдер: –48 кг, –52кг, –57 кг

20 қыркүйек
Жарыстың басталуы –09:00
Финалдық блок – 15:00
Ерлер: –81 кг, –90 кг,–100 кг, +100кг
Әйелдер: –63 кг, –70кг, –78 кг, +78 кг. 

Бұған дейін дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатын 1 алтын, 4 күміс және 7 қола жүлдемен аяқтаған болатын. Сондай-ақ, Ханчжоуда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогы өтіп, қазақстандық дзюдошылар аталмыш жарысты 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 3-ші орынмен аяқтады.