Алматы облысында бірнеше үйді топырақ басып қалды

28 Ақпан 2023, 19:25 1117

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында орналасқан «Бурабай» қалашығында шамалы көшкін жүріп өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жағдай 27 ақпанда таңертең болған. Табиғат апаты салдарынан бірнеше үйге зақым келді. Әлеуметтік желіде тараған видеоға зер салақ, саяжай аумағында топырақтың қалай опырылғанын көруге болады. Түскен топырақ үйлердің бірінің терезе саңылауларын зақымдап, ішкі бөлмеге кіріп кеткен. Сондай-ақ тағы бір коттедждің қабырғаларында жарықтар пайда болған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті, "Казселезащита" ММ, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жіберілді. Көшкіннің кесірінен қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Төмен түскен топырақтың болжамды көлемі 360 текше метр болады. Бір үйдің төрт тұрғыны көршілерінің жанында, екіншісінің бес тұрғыны Алматы қаласында», - деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Дәл қазіргі таңда осы оқиғаның нақты себебі мен келтірілген шығынды анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

EL.KZ
Бөлісу: