Алматы облысында белгілі компания директорының мәйіті табылды

10 Қазан, 20:31 570

Алматы облысында Lenovo компаниясының GR директоры Ермек Жақыпжановтың денесі табылды, деп хабарлайды хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Lider.kz еріктілерінің мәліметіне сілтеме жасап.

9 қазанда Ермек Жақыпжанов Алматы қаласындағы үйінен өзінің қарасұр түсті Hyundai Genesis көлігімен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Айта кетсек, ол Lenovo компаниясында 1,5 жыл бойы GR директоры (мемлекеттік мекемелермен байланыс жөніндегі маман) қызметін атқарған.

Алматы облыстық полиция департаменті ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Полицияның мәліметінше, 24 жастағы күдікті ұсталған.

Қазір қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті зерттеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Зарина Арман
Бөлісу: