Алматы облысында бұрынғы әйелін пышақтаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жәбірленушінің қатысуымен видео жарияланған болатын.
– Аталған қылмыс 3 қыркүйек Шелек ауылында болған. Бұл дерек Еңбекшіқазақ ауданы ПБ СДТБТ-де ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды және барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деді Алматы облысы Полиция департаментінде.
Күдікті белгіленген тәртіппен қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында.